Еліміздің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар
Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар осыған байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінгі күні еліміздің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. Еліміздің су айдындарында суға шомылуға болмайтыны және тыйым салынғаны туралы 6 587 ескерту белгісі орнатылған.
«Шомылу маусымы басталғанға дейін ІІМ, әкімдіктер және еріктілермен бірлесіп 20 мыңнан астам патрульдеу мен рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде заң талаптарын бұзған 525 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 13 адамды құтқарды. Алайда, жазғы кезеңнің бірінші онкүндігінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 8 азаматтың қаза болу фактілері тіркелді, оның 4-і кәмелетке толмаған балалар. Осыған байланысты ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және су айдындарында сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды», – дейді министрлік.
Суға түскенде мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек: