АҚШ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген заңсыз мигранттарды бірден депортациялайды

Ал өзге заңсыз мигранттарға оларға қатысты іс қаралып жатқан уақытта АҚШ-та қалуына рұқсат берілген

Админ
11/06/2024 - 11:56

Фото: New York Post

Фото: New York Post

АҚШ-тың Калифорния штатының шекара қызметі енді Ресейден және басқа да бірқатар елден келген заңсыз мигранттарды ұстағаннан кейін бірден депортациялайтын болады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мақала авторлары шекарашылардың журналистерге берген құжатына сілтеме жасайды.

«Меморандумға сәйкес, АҚШ-қа Грузия, Молдова, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен келген кәмелетке толған мигранттар ғана дереу депортацияланатын болады», - деп жазады басылым.

Ал өзге заңсыз мигранттарға оларға қатысты іс қаралып жатқан уақытта АҚШ-та қалуына рұқсат берілген.

Шекарашылардың айтуынша, жаңа заң заңсыз мигранттарды қорқытпайтын секілді. Олардың қатары әлі де көп. Өткен демалыс күндері 10 мыңнан астам мигрант тіркелген.

Осыған дейін 5 маусымда президент Джо Байден заңсыз мигранттарға АҚШ-тан баспана сұрауға тыйым салғаны белгілі болды. Мигранттардың көпшілігі Латын Америкасынан келеді. 2024 жылдың сәуір айында шекарадан өтуге ниет білдіргендердің саны 179 мыңнан асты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91