Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер арасында қытайлардың үлесі басым – министрлік

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар

Sarbaz.kz редакторы
22/08/2023 - 16:58

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 702 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Sarbaz.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 551 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 452 және 745 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 970 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 233 адам тартылды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 181 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 919 адам (13%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 340 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 147 адам (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 829 адам (6%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 768 адам (25,6%), Өзбекстан – 2016 адам (14%), Түркия – 1 411 адам (9,5%). Үндістан – 1 391 адам (9,4%)», - делінген министрлік хабарламасында.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91