Украинамен соғыс, «Вагнермен» келісімшарт: Ресейде қатаң режимдегі колониялар жабылып жатыр

Ресей Украинаға соғыс ашар алдында ресми статистика бойынша түрмеде 465 мың адам болатын

Админ
11/06/2024 - 11:26

Фото: YEVGENY YEPANCHINTSEV/TASS

Фото: YEVGENY YEPANCHINTSEV/TASS

Ресейде түрмеде отырғандар санының күрт төмендеуі нәтижесінде кейбір колониялар жабылуы мүмкін. Бұл – заңнаманы ізгілендірумен емес, Ресейдің үш жылдан бері Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысымен байланысты. 2022 жылдың жазынан бастап түрмеде отырғандар жаппай қақтығыс алаңына жіберіле бастады. Алдымен мұны «Вагнер» жеке әскери компаниясы жасады, ал қазір бұл жұмысты қорғаныс министрлігі жалғастырып отыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Украина аумағында арнайы әскери операция кезінде жерлесіміз қаза тапты», - деп жазады «Я – улан-удэнец» тобы.

Украинаға қарсы соғыста ресейлік әскери қызметкердің қазасы туралы әдеттегі пост былай жазылады: «еңбекқор, адал, жауапкершілігі мол» тракторшы, оның өмірбаяны мінсіз, әскери міндетін адал атқарды, «Вагнермен» келісімшартқа отырған. Алайда, тірі оралған жоқ.

Краснояр өлкесінде тұтқындардың болмауына байланысты Арейскийдегі қатаң режимдегі ИК-7 колониясы ғана емес, Громадск ауылындағы жалпы қауіпсіздіктегі ИК-16 да жабылды. Жалпы бұл екі мекеме 2409 адамға арналған. Сондай-ақ, облыста №10 колонияны, ИК-31 және ИК-5 колония- учаскесін, сондай-ақ ИК-5 ауруханасын жабу жоспарланып отыр.

«Менің ойымша, біздің колония өзгелерден ерекшелегі жоқ, – деді BBC-ге аты-жөнін атамауды сұраған бұрынғы ИК-7 колониясында отырған адам. – Мен мұнда «Вагнер», кейін Ресейдің қорғаныс министрлігінің өкілдері келгенін білемін. Бірге кетемін дегендердің көбі еріп кеткенін де білемін. Ал барғысы келмегендер қалды. Әркім өз бетінше шешім қабылдады. Мен білетіндердің арасында соғысуға барып, аман қалғандары бар. Сол сияқты қайтып оралмағандары да бар. Арасындағы біреуінен шешіміне сенімді ме екені туралы сұрадым. Ол 10 жылдық жазасының жартысын өтеп қойған. Ол сенімді екенін айтты: «Бұл жерде жағдай 50/50: не аман қаламын, не мерт боламын». Жақында оның Бахмұт түбегінде қайтыс болғанын естідім».

Громадскідегі ИК-16 мекемесінің бастығы Петр Анциферов ngs24 басылымына берген пікірінде тұтқындар басқа мекемелерге ауыстырылып жатқаны, ал қызметкерлер басқа колонияларға жұмысқа орналасқаны туралы айтты. Сәуір айының ортасына дейін колонияда 104 қызметкер жұмыс істесе, оның 25-і ғана – ауыл тұрғындары.

ИК-7-нің соңғы тұтқындары осы көктемде басқа мекемелерге ауыстырылды. Көпшілігі атышулы ИK-17-ге жіберілген.

2022 жылдың қаңтарында Ресей Украинаға соғыс ашар алдында ресми статистика бойынша 465 мың тұтқын болатын.

2022 жылдың күзінде Федералдық жазаны атқару қызметі егжей-тегжейлі статистиканы жариялауды тоқтатты – бұл Украинадағы соғысқа тұтқындарды тартудың жалғасуы аясында болды («Медиазона» бұған бірінші болып назар аударды).

2023 жылдың 1 қаңтарында Федералдық қылмыстық атқару қызметі ресми деректерді жаңартты: 433 006 адам. Бірақ сол жылдың қазан айында әділет министрінің орынбасары Всеволод Вуколов тағы бір көрсеткішті атады – 266 мың.

Түрмеге қатысты жаңалықтарды жылдар бойы қадағалап жүрген журналист Ева Меркачева кездесудің бейнежазбасы болғанымен, журналистер «қате естігенін» және Вуколов айтқан фигураны дұрыс жеткізгенін жазды.

«Бүгінде олардың саны 466 мыңды құрайды», - деп түзетті министрдің орынбасары Меркачева.

Агенттік мәліметінше, түрмеде отырғандар саны әлі нақтыланбағандықтан, қандай да бір қорытынды жасау қиын.

«Вагнер» жеке әскери компаниясы ИК-7 түрмесінен кемінде 206 адам, ИК-27-ден 319 адам, ИК-6-дан 506 адам, ИК-42-ден 206 адам, ИК-24-тен 279 адам, ИК-15-тен 339 адам, ИК-5-тен 340 адам, ИК-31-ден 161 адам, ИК-17-ден 142 адам тартқан.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91