Украинада бронетранспортер шығаратын цех ашылды

Бұл – Германияның Rheinmetall концернімен бірлескен жоба

Админ
11/06/2024 - 10:36

Фото: t.me/zalizni_zminy

Фото: t.me/zalizni_zminy

Украинада «Укроборонпром» мен Германияның Rheinmetall концернінің бірлескен өндірістік алаңы – бронетранспортерлер жөндеу және шығару цехы ашылды. Бұл туралы Украинаның стратегиялық өнеркәсіп министрі Александр Камышин мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, бұл – «Укроборонпром» мен Германия қорғаныс алыбы арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылған алғашқы жоба.

«Дәл қазір бұл шетелдік техниканы жылдам жөндеуге және тиісінше оны алдыңғы шепке тезірек жіберуге мүмкіндік береді. Болашақта мұнда броньды техниканың жаңа үлгілері шығарылатын болады.

Бұл – тек Украинаның қарулы күштеріне ғана емес, біздің экономикамызға да қолдау. Цехта украиналық мамандар Германиядан келген әріптестердің техникалық қадағалауымен жұмыс істейді. Салық Украинада төленеді. Ал біз жаңа технологиялар аламыз», - деп қосты Камышин.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91