Блинкен Таяу Шығыс елдерінің басшыларын ХАМАС-қа қысым көрсетуге шақырды

Америкалық дипломатияның басшысы аймақ елдерін кезекті тур бойынша аралап жүр

Админ
11/06/2024 - 10:20

Фото: agenzianova.com

Фото: agenzianova.com

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығыс елдерінің басшыларын Газадағы қақтығысты тоқтату үшін ХАМАС-қа қысым көрсетуге шақырды. Америкалық дипломатияның басшысы қазір аймақ елдерін аралап жүр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Блинкеннің айтуынша, ХАМАС – келіссөздердегі үш сатылы ұсынысты қабылдайтын соңғы тарап. Осыған дейін кепілге алынғандарды босату және соғысты тоқтату бойынша келісімді Израиль тарапы қолдаған.

Мемлекеттік хатшының бұл мәлімдемесін Израиль әскерінің тұтқында отырған 4 адамды құтқару үшін жүргізген рейдінде жүздеген палестиналық қаза тапқан соң жариялады. Алайда бұл сандардың растығы толықтай дәлелденген жоқ.

Агенттік мәліметінше, Иранда Израильдің қорғаныс министрі Бенни Ганцтың отставкаға кетуінен кейін мемлекеттің «ішкі күйреуі» туралы әңгіме айтылып жатыр.

×

Редакция

$ 452.92  484.99  5.12