Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды – Антикор

Ол 18 млн теңге пара алған

Админ
10/06/2024 - 15:12

Фото: Telegram / antikornews / видеодан скриншот

Фото: Telegram / antikornews / видеодан скриншот

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады. Бұл туралы Sarbaz.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған.

«Аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08