Алматы іргесіндегі тойда мылтық атқандар іздестіріліп жатыр

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының Полиция департаменті түсініктеме берді

Админ
10/06/2024 - 14:56

Фото: egovpress

Фото: egovpress

Әлеуметтік желіде көлікте отырып аспанға оқ атқан азаматтардың бейнежазбасы тарады. Олардың қатарында танымал алматылық блогер Заир Рзаев та бар. Бейнероликтен оқиға орнындағы адамдардың тойға жиналғанын байқауға болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Алматы облысының полициясы құқық бұзушылардың жеке басын анықтау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізіп жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылады», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16