Путин осыған дейін 2024 жылдың басынан бері армия 160 мың адамды жинай алғанын айтқан
Ресей Украинамен соғысқа ай сайын 6-12 мың сарбаз жіберетіні анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ISW-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей президенті Владимир Путин осыған дейін 2024 жылдың басынан бері армия 160 мың адамды жинай алғанын айтқан. Бұл шамамен айына 30 000 адамға есептелген жұмыс күшіне тең келеді.
ISW соңғы айлардағы операциялардың қарқыны жаңадан құрылған күштермен салыстырғанда аз шығын әкелгенін жазды. Бұл ұзақ мерзімді перспективада Ресейге шабуыл операцияларын айтарлықтай арттыруға жол бермейді. Ресейдің тікелей соғысуға қабілетті жаңа күштерінің санын ескерсек, оңайға түспейді.
Соңғы 6-8 айда ресейліктер 60 мың операциялық және стратегиялық резерв жинап үлгерді. Бұл резервтер, ISW бағалауы бойынша, нашар дайындалған болуы мүмкін.
«ISW Ресейдің жоспарланған резервтері операциялық және стратегиялық деңгейде бірінші қатардағы серпінді күш ретінде немесе тиімді кең ауқымды аралас қарулы шабуылдарды жүргізуге қабілетті екінші қатардағы күш ретінде әрекет ете алмайды деп санайды», - делінген хабарламада.
Бұл шектеулі резервтер әртүрлі бағытта бірнеше ірі шабуылдау операцияларын жүргізу үшін жеткіліксіз болады. Ресей қолбасшылары жазғы шабуыл кезінде бір негізгі бағытты таңдауы мүмкін.