Атыраудың эвакуациялық пунктеріндегі тұрғындардың барлығы үйлеріне оралды

Атырау қаласында 94 эвакуациялық пункт ашылып, онда тұрғындар үшін 10 250 орын дайындалған болатын

Админ
10/06/2024 - 14:15

Фото: Атырау облысының жедел штабы

Фото: Атырау облысының жедел штабы

Атырау қаласындағы эвакуациялық пунктерге орналасқан тұрғындардың барлығы өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. 

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Атырау қаласы 94 эвакуациялық пункт ашылған еді. Онда тұрғындар үшін 10 250 орын дайындалған.

«Тасқын су басу қаупіне байланысты Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан көшірілген тұрғындар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен APEC жоғары колледжінің жатақханасында ашылған эвакуациялық пунктерге орналасқан еді. Қауіп сейілгеннен кейін аталған ауылдың 180 тұрғыны 7 маусым күні өз үйлеріне оралды. Қазір Атырау қаласындағы эвакуациялық пунктерде орналасқан тұрғындар жоқ», – деп хабарлады облыстық жедел штабы.

Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашевтың айтуынша, Талдыкөл ауылында 221 үй, 1215 тұрғын бар. Ал Атырау-Орал тас жолынан ауылға кіретін жолдың ұзындығы 7 шақырымды құрайды. Бұл жолды тасқын су басты. Кейін жолдың 1 шақырымға жуығы уақытша қалпына келтірілді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85