Бағдат Мусин «Қазақтелекомның» басшысы болады – БАҚ

Мусин биыл 30 сәуірде қызметінен босатылған

Админ
10/06/2024 - 12:15

Фото: Primeminister.kz

Фото: Primeminister.kz

Бұрынғы цифрландыру министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kaztag.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Бағдат Мусиннің «Қазақтелеком» АҚ басшысы болады деген ақпаратты жағдаймен таныс дереккөз растады.

Ал осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелекомның» қазіргі басшысы Қуанышбек Есекеевті өзінің кеңесшісі етіп тағайындаған болатын.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарды. Биыл 30 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85