Израиль әскері 4 азаматын құтқару үшін жүздеген палестиналықты өлтірді – Euronews

Бүгінге дейін Газадағы соғыс 36 700-ден астам палестиналықтың өмірін қиды

Админ
10/06/2024 - 10:58

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Нусейрат босқындар лагерінің екі аймағында жүргізілген рейд нәтижесінде ХАМАС-та тұтқында 8 ай бойы кепілде болған төрт адам құтқарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ХАМАС ұйымының бақылауындағы Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Израильдің кепілге алынған төрт адамды құтқару үшін әуе және жерден жасаған рейдінде кем дегенде 274 палестиналық қаза тауып, 700-ге жуық адам жараланды. Ал құтқарылған төртеуі де Израильдің оңтүстігінде Nova музыкалық фестиваліне жасалған шабуыл кезінде тұтқынға алынды. Олар 8 ай тұтқында болды.

АҚШ президенті Джо Байден кепілге алынғандардың босатылғанын құптап, «тұтқындағылардың бәрі қайтарылғанша құтқару жұмысы жалғасатынын» айтты.

Дәрігерлер жантүршігерлік жағдайлар туралы айтты, өйткені жаралылар аз емес.

«Бізде түрлі жарақаттар болды. Ампутациялар мен кесулерден бастап, травматикалық ми жарақаты, сынықтар және күйіктерге дейін.

Балалардың қорыққан шашы ағарып кеткен, күйік шалған, айқайлап, ата-аналарын шақырады. Бірақ олардың көпшілігі айқайламайды, өйткені есеңгіреп қалды», - деді ауруханада жұмыс істейтін «Шекарасыз дәрігерлер» қоғамдық ұйымының қызметкері Карин Хастер.

Израиль әскері «аймақтағы күштерімізге қауіп төнгені» үшін шабуыл жасап жатқанын және құтқару операциясы кезінде арнайы жасақ офицерінің қаза тапқанын мәлімдеді.

Израиль әскері 26 жастағы Ноа Аргаманиді, 22 жастағы Алмог Мейр Янды, 27 жастағы Андрей Козловты және 41 жастағы Шломи Зивті құтқарды. Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ пен Ұлыбритания Израильге кепілге алынған адамдарды табуға көмектесу үшін барлау ақпаратын берген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Газадағы соғыс 36 700-ден астам палестиналықтың өмірін қиды, олардың есебінде бейбіт тұрғындар мен жауынгерлер де бар. Алайда бұл деректердің растығын тексеру мүмкін емес.

Израиль сонымен қатар ХАМАС мүшелеріне қарсы әрекет ету үшін Батыс Иордандағы қалалар мен елді мекендерге рейдтер жүргізіп жатыр.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85