Ер адам айыппұл төлейтін болды
«Семей Орманы» аумағында тағы бір өрт шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Абай ауданының өрт сөндіру қызметіне «Семей орманы» РМУ ГЛПР Новошульбі бөлімшесінің Орталық орман шаруашылығы учаскесінің аумағында орманды алқапта орман өрті орын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына «Семей орманы» ММ қызметкерлері, сондай-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары шықты. Келгеннен кейін орманшылар жалпы алаңы 0,03 гектар жерде құрғақ шөп жанып жатқанын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыскер анықталды», - делінген хабарламада.
Қылмыскер тракторшы болып шықты. Боровлянка ауылының тұрғыны болып шыққан трактор иесі ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабының 3-бөлігі (Ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық ережелерді бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол енді 184 600 теңге айыппұл төлейді.