Қостанайда 9 жасар бала дайындалып жатқан теракт туралы хабарлаған

Ол достарының көңілін көтеру үшін полицияға хабарласқан

Аян Кайырбаев
08/06/2024 - 11:27

gov.kz

gov.kz

Қостанайда бомба мен террористер туралы хабарлаған оқушы анықталды, деп хабарлайдыSarbaz.kz.

ПД шұғыл қызметінің телефонына қоңырау келіп түсті. Тұтқаның арғы жағында баланың дауысы облыс орталығындағы мектептің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар екендігін хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 жасар баланы анықтады. Белгілі болғандай ол көшеде жүріп, осылайша достарының көңілін көтеруді шешкен, – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралады – деп атап өтті Сәбит Ибраемов.

Полицейлер шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41