Франция Украинаға нұсқаушылар жіберу үшін коалиция жасақтап болды

Франция жақын арада Украинаға әскери нұсқаушылар жіберу үшін коалиция құруды аяқтауға ниетті

Аян Кайырбаев
08/06/2024 - 10:31

AFP Copyright

AFP Copyright

Франция жақын арада Украинаға әскери нұсқаушылар жіберу үшін коалиция құруды аяқтауға ниетті, деп мәлімдеді ел президенті Эммануэль Макрон Елисей сарайында өткен келіссөздерден кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткен баспасөз мәслихатында.

Біз алдағы күндерді Украинаның талаптарын орындау мақсатында мүмкін болатын ең үлкен коалиция құруды аяқтау үшін пайдаланамыз. Біз коалиция құрғымыз келеді және бірнеше серіктесіміз келісімін берді, – деп қосты Макрон.

Бір күн бұрын франциялық БАҚ-қа берген сұхбатында Макрон Киев Батыс одақтастарынан әскерилерді оқыту үшін әскери нұсқаушылар жіберуді сұрағанын айтты.

Украина президенті мен оның Қорғаныс министрі 48 сағат бұрын ресми хатта барлық одақтастарынан «Бізді тез арада жаттықтыруларыңыз қажет және мұны біздің аумақта жасауларыңыз керек» деп өтінді, – деді Эммануэль Макрон сұхбат барысында.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94