Копенгагенде Дания премьер-министріне шабуыл жасалды

Премьер-министр зардап шекпеді

Аян Кайырбаев
08/06/2024 - 10:05

AP Photo / Francois Walschaerts

AP Photo / Francois Walschaerts

Копенгагенде белгісіз біреу премьер-министр Метте Фредериксенге шабуыл жасады. Бұл туралы үкімет басшысының кеңсесіне сілтеме жасап Ekstra Bladet басылымы хабарлады.

Ескі қаладағы Культорвет алаңында шабуылдаушы Фредериксенге жақындап, оны ұрып жібергені белгілі. Премьер-министр зардап шекпеді, бірақ болған оқиғаға аң таң болған. Премьер-министр кеңсесі басқа түсініктеме берген жоқ.

Шабуыл жасаған адамды полиция ұстады. Оның аты-жөні жарияланбады, полиция шабуылдың себебі туралы да әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Даниялық саясаткерлер, яғни Фредериксеннің жақтастары да, оппозиция да премьер-министрге жанашырлық танытып, көңілін сұрады. Солшыл Социалистік Халық партиясының төрағасы Пиа Олсен Дюр «елдің премьер-министріне және менің досыма ізгі тілектер жолдаймын. Мұндай мүлдем қабылданбайды. Біз бір-бірімізге деген сенім мен құрметке қамқорлық жасауымыз керек» деп жазды.

Дания Демократиялық партиясының парламенттік өкілі Питер Скааруп «Сіз саясатта келіспеуіңізге болады, бірақ зорлық-зомбылық мүлдем жол жоқ. Премьер-министр Метте Фредериксеннің дені сау болсын. Ол қандай жағдай болмасын, өзінің сайлау науқанын өткізуге құқылы, зорлық-зомбылық шабуылдарына жол беруге болмайды» деді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91