Макрон мен Зеленскийдің кездесуі: Париж Украина әскерінің 4500 сарбазын оқытады

Эммануэль Макронның айтуынша, украиналық сарбаздарды Францияда жаттықтыру қақтығысты шиеленістірмейді

Аян Кайырбаев
08/06/2024 - 09:06

EPA Copyright

EPA Copyright

Франция Украина қарулы күштерінің 4500 сарбазын, яғни бір бригаданы оқытып, жарақтандыруды көздеп отыр. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды dw.com сайты.

Эммануэль Макронның айтуынша, украиналық сарбаздарды Францияда жаттықтыру қақтығысты шиеленістірмейді.

Бұл Украинаның заңды өтініші және ол біздің бағытымызға сәйкес келеді. Біз Ресеймен соғыспаймыз, бірақ біз Украинаны толығымен қолдаймыз, – деді Франция президенті.

Сонымен қатар Макрон Ресей Киев серіктестерін Украинаға көмек көрсетуді тоқтатуға мәжбүрлеу үшін Батысты қорқытып отыр деп айыптады. Ол сондай-ақ Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуы бойынша келіссөздерді айдың соңына дейін бастағысы келетінін және саммитті Швейцарияда өткізудің маңыздылығын атап өтіп, оны «ұзақ бейбітшілік орнату жолындағы қадам» деп атады.

Киевке әскери қолдау көрсетумен қатар, Франция президенті Париж бюджеті 200 миллион еуро болатын арнайы қор құратынын мәлімдеді. Оның міндеті Украина инфрақұрылымын қайта құру болмақ.

Айта кетейік, Эммануэль Макрон мен Владимир Зеленскийдің Елисей сарайындағы кездесуі Украина көшбасшысының Нормандиядағы антигитлерлік коалицияның десант шабуылының 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өтті.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06