Чехияда армиядағы танктер саны едәуір артады

Прага танктер үшін 2,4 миллиард еуродан астам төлеуі керек

Админ
10/06/2024 - 09:01

Фото: Sean Gallup / Getty Images

Фото: Sean Gallup / Getty Images

Чехияның Қорғаныс министрлігі Германиямен келіссөздер жүргізіп, 77 танк сатып алуды жоспарлап отыр. Республиканың қорғаныс министрі Яна Чернохова Чехия Үкіметі алдағы апталарда Leopard 2А8 танктерін бірлесіп сатып алуға қосылу туралы келісімді бекітетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі eadaily.com-ға сілтеме жасап. 

Келісім сатып алу жолындағы аралық кезең ғана болып саналады, ол осы жылдың соңына дейін жасалуы тиіс. Прага танктер үшін 2,4 миллиард еуродан астам төлеуі керек. Болашақта Чехияда тактикалық эвакуациялық машиналарды қосқанда барлығы 122 танк болуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың мамыр айында Чехия Үкіметі Черноуховаға неміс тендеріне қатысу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізуді тапсырған болатын. Соңғы екі жылда Германия Украинаға көмек көрсету үшін Чехияға 14 leopard 2А4 танкі мен бір жөндеу және эвакуациялау машинасын берді.

Чехия Қорғаныс министрінің айтуынша, Берлин техниканы осыған ұқсас сомаға тағы да беру мүмкіндігін қарастыруда.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85