Жаңа пакетке HIMARS зымырандық жүйелеріне арналған оқ-дәрілер кіреді
АҚШ президенті Джо Байден Парижде Владимир Зеленскиймен кездесу өткізеді. Екі көшбасшы Францияда одақтастардың Нормандияға қонғанына 80 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысты. Зеленскиймен кездесуде Байден Киевке 225 миллион доллар тұратын әскери көмектің жаңа пакетін жариялайды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, көмек пакетіне басқалармен қатар артиллериялық снарядтар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары кіреді.
Жаңа пакетке HIMARS зымырандық жүйелеріне арналған оқ-дәрілер, артиллериялық снарядтар мен миномет жүйелері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандары, Stinger зениттік зымырандары, Javelin және AT-4 танкке қарсы жүйелері, 155-мм гаубицалар кіреді деген болжам бар.
Мамыр айында Зеленский Reuters агенттігіне берген сұхбатында Батыс елдерінің Украинаға көмек көрсету туралы шешім қабылдауы тым ұзаққа созылып жатқанын айтқан.