Ресейдің қорғаныс министрлігі: Луганскіге америкалық зымыранмен шабуыл жасалды

Алдын ала мәлімет бойынша 20-дан астам бейбіт тұрғын зардап шекті

Админ
07/06/2024 - 16:41

Фото: Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі

Фото: Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі

Ресейдің қорғаныс министрлігі Луганскіге жасалған шабуыл Батыс елдері Киевке берген ATACMS зымыранымен жасалды деп мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Луганск қаласының тұрғын аудандарына АҚШ-та жасалған шабуыл ATACMS зымырандарымен әдейі атылды.

Төрт американдық зымыранды ресейлік әуе қорғаныс жүйесі атып түсірді. Бір зымыран екі көпқабатты үйге тиді. Салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 20-дан астам бейбіт тұрғын зардап шекті, олардың арасында балалар да бар», - деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі.

Украина әскерилері бұл айыптауларға қатысты түсініктеме берген жоқ.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94