Ресеймен 2029 жылы ықтимал соғыс: Германия қақтығыс жағдайына арналған жоспарын жариялады

Әскери қақтығыс болған жағдайда кәсіпорындар тек қорғаныс мақсатында ғана өнім шығаруы керек

Админ
07/06/2024 - 12:58

Фото: Bild

Фото: Bild

Германия үкіметі ықтимал әскери қақтығыс жағдайына арналған ұсыныстары бар құжатты жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.

Жоспарға сәйкес, НАТО әскері бүкіл ел бойынша Германияның негізгі күштері шоғырланатын шығыс қанатқа орналастырылады. Сол сияқты тұрғындарды эвакуациялау көзделеді, бұл ретте отбасы мүшелерін бөлуге тыйым салынады.

Әскери қақтығыс болған жағдайда кәсіпорындар тек қорғаныс мақсатында ғана өнім шығаруы, ал ауруханалар көп шығынға дайын болуы қажет.

Үкімет бидай, күріш және бұршақ дақылдарының қосымша қорын сақтайтын азық-түлік қорын ұлғайтады. Шенеуніктердің айтуынша, бұл шара халықты күніне бір ыстық түскі аспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әскери қақтығыстар кезеңінде елде жаппай мобилизациялау жариялануы мүмкін. Ал 18 жастан асқан кейбір азаматтар арнайы нысандарда, мысалы, пошта бөлімшесінде немесе наубайханада жұмыс істеуге міндетті болады.

Тұрғындар үшін уақытша бункер ретінде жертөлелер, жерасты автотұрақтары және метро станциялары пайдаланылуы керек.

Германия қорғанып жатқанда Бундестаг тарамауы керек.

Жаңа құжат 1989 жылы Германия екіге бөлінген кезде жасалған жоспардың бейімделген нұсқасына ұқсас.

Осыған дейін Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус «жағдайдың нашарлауына жол бермеуге» шақырған. Ол Германия 2029 жылға қарай Ресеймен соғысуға дайындалуы керек екенін атап өтті.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85