Қазақстанға келесі аптада Корея Республикасының Президенті келеді

Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады

Админ
07/06/2024 - 10:32

Фото: James Lee / Globallookpress.com

Фото: James Lee / Globallookpress.com

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр.

«Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады», - делінген Ақорда хабарламасында.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85