Франция Украинаға бірнеше Mirage 2000 жойғыш ұшағын береді

Ұшақтар Украинаға «жыл соңына дейін» жеткізілуі мүмкін

Админ
07/06/2024 - 09:58

Фото: Bob Edme/AP

Фото: Bob Edme/AP

Франция Украинаға бірнеше Mirage 2000 жойғыш ұшағын беретін болды. Бұл туралы ел президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Эммануэль Макрон бұл қарумен Ресей территориясына, бірақ зымыран атылған нысандарға ғана соққы жасауға рұқсат берді. Париж бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауға тыйым салады.

Әзірге Украинаға қанша ұшақ берілетіні нақты белгісіз.

Франция президенті украиналық ұшқыштарды жаңа ұшақтарды басқаруға үйрету осы жазда басталатынын, бағдарлама бес-алты айға есептелгенін айтты. Макронның айтуынша, ұшақтар Украинаға «жыл соңына дейін» жеткізілуі мүмкін.

Айта кетейік, кеше Владимир Путин Ресей аумағына шабуыл жасау үшін Украинаға ұзақ қашықтықтағы қару-жарақ беру – Мәскеумен тікелей соғысу дегенді білдіретінін айтты.

Mirage 2000 – төртінші буынды көпмақсатты жойғыш ұшақ. Ол Францияның әуе күштерінде, сондай-ақ өзге де бірқатар елде қолданылады.

Mirage 2000 ұзақ қашықтықтағы Scalp немесе Storm Shadow қанатты зымырандарын, сондай-ақ AASM басқарылатын бомбаларды ұшыруға қабілетті.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41