Испания Израильді геноцид жасады деп айыптады

Өткен аптада Мексика да осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді

Админ
06/06/2024 - 17:32

Фото: AP / Fatima Shbair

Фото: AP / Fatima Shbair

Оңтүстік Африка Израильді Газада палестиналықтарға геноцидтік әрекет жасады деп айыптап, Гаага сотына жүгінді. Испания да Израильдің бұл әрекетін айыптап, Оңтүстік Африканың әрекетіне қолдау білдірді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі AP агенттігіне сілтеме жасап.

«Мұндай шешімді Газадағы әскери операцияның жалғасуына байланысты қабылдадық. Біз Газада, Таяу Шығыста бейбітшілік орнағанын қалаймыз. Ал бейбітшілік орнауы үшін сотқа қолдау білдіруіміз керек», - деді сыртқы істер министрі.

Мадрид «әсіресе сақтық шараларына қатысты» соттың жұмысын қолдауға ниетті.

Бұл шешім Испания, сондай-ақ Ирландия, Норвегия және Словения елдері Палестинаны мемлекет ретінде мойындағанын жариялағаннан кейін екі аптадан соң қабылданды.

Өткен аптада Мексика да осындай шешім қабылдап, сотқа қосылуға өтініш бергенін мәлімдеген.

Айта кетейік, биыл 26 қаңтарда Оңтүстік Африка Израильді палестиналықтарға қарсы геноцид жасады деп айыптап Гаага сотына жүгінген. Осыдан кейін бірнеше апта өткен соң Халықаралық сот Израильді шұғыл шаралар қабылдауға шақырған уақытша бұйрық шығарды.

Сот Израильге геноцид туралы Конвенцияның II бабына сәйкес келетін әрекеттердің алдын алу шараларын қабылдауға міндеттеді, атап айтқанда: белгілі бір топ мүшелерін өлтіруге, ауыр дене немесе психикалық зақым келтіруге, топты әдейі физикалық түрде жоюға, сондай-ақ бала туудың алдын алуға бағытталған әрекеттерді тоқтату.

Өткен айда Халықаралық сот Оңтүстік Африканың кезекті үндеуінен кейін Израильге Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласына шабуылын тоқтатуды бұйырған бөлек шешім шығарды.

Израиль осы және өзге де сот шешімдерін үнемі елеусіз қалдырып келеді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91