Ресейде бір апта ішінде Шәміл Басаев бандасының екінші мүшесі ұсталды

Аносов Басаевтың бандасына 1995 жылы кірген

Админ
06/06/2024 - 16:35

Фото: reuters.com

Фото: reuters.com

Ресейлік қауіпсіздік қызметкерлері бір апта ішінде Шәміл Басаев бандасының екінші мүшесін ұстады. Бүгінде Дағыстанның Хасавюрт ауданының тұрғыны Қазбек Асанов 1995 жылы Буденновскіге шабуыл жасады деп айыпталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Ол террористік акт жасады, қарақшылық жасады, кепілге алды және кісі өлтірді деп айыпталуда», – делінген тергеу комитетінің хабарламасында.

3 маусымда Мәскеуде Шешенстанның тумасы Хамзат Зоев ұсталған болатын. Ол да Буденновскіге шабуыл жасады деген күдікпен қамалды.

Басаевтың басшылығымен 200-ге жуық адамнан тұратын банда 1995 жылы маусымда Ставрополь өлкесінің Буденновск қаласына шабуыл жасады. Мыңнан астам адамды кепілге алған террористер Шешенстандағы соғысты тоқтатуды талап етті. Шабуылда 129 адам қаза тауып, 317 адам жараланды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85