Алматыда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысы өтті

Тәжік-ауған шекарасын нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды

Админ
06/06/2024 - 16:00

Фото: odkb-csto.org

Фото: odkb-csto.org

Алматыда қазақстандық тараптың төрағалығымен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Отырысқа қатысушылар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жауапкершілігі саласындағы әскери-саяси жағдайды және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сын-қатерлеріне қарсы тұру бойынша Ұйым форматындағы іс-әрекет пен өзара іс-қимылды жетілдіру шараларын талқылады», - делінген хабарламада.

ҰҚШҰ-ның тәжік-ауған шекарасын нығайтудың мақсатты мемлекетаралық бағдарламасының жобасына ерекше назар аударылды. Құжат жобасын ҰҚШҰ мүшелері мақұлдап, ҰҚШҰ Бас хатшысына оны белгіленген тәртіпте ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қарауына ұсынылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4