НАТО-ның бас хатшысы: Украинаға әскери көмек кешіктірілмеуі тиіс

Ол Украинаға альянстың әскері жіберілмейтінін айтты

Админ
06/06/2024 - 14:44

Фото: Reuters

Фото: Reuters

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Хельсинкиде Батыс елдері Украинаға әскери көмек көрсетуді кешіктірмеуі керек деп мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өз сөзінде биыл жыл басында болғандай әскери көмек енді кешіктірілмеуі керек екенін айтты.

Финляндияға сапары кезінде Столтенберг Украинаға әскери қолдау тұрғысынан НАТО одақтастары «болжам және есеп беру» қажет екенін айтты.

«Соңғы айларда біз Украинаға әскери көмек көрсетуде кейбір олқылықтар мен кешіктірулерді байқадық. Біз мұндай жағдайдың қайталанбауын қамтамасыз етуіміз керек», - деді Столтенберг Финляндия президенті Александр Стуббпен бірлескен баспасөз мәслихатында.

НАТО-ның бас хатшысы сонымен бірге альянс әскері Украинаға жіберілмейтінін айтты. Финляндия президенті де өз елінің әскері Украинаға жіберілмейтінін мәлімдеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16