«Асимметриялық жауап болады»: Путин Батысқа сес көрсетті

«Киевке күшті қарумен Ресейге соққы жасауға рұқсат беру – Батысты Ресеймен соғысқа апаратын үлкен шиеленіс»

Админ
06/06/2024 - 09:39

Фото: ТАСС

Фото: ТАСС

Жуырда Батыс елдері Украинаға өздері берген қару-жарақпен Ресей аумағына соққы жасауына рұқсат берген. Осыған қатысты Ресей президенті Владимир Путин пікір білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Путиннің айтуынша, Ресей бұған жауап ретінде ұзақ қашықтыққа ұшатын қуатты қару-жарағын үшінші елдерге беруі мүмкін екенін, ал ол жақтардан АҚШ пен оның одақтастарына соққы жасалуы мүмкін екенін айтты.

«Біз (Ресей Федерациясының аумағына Батыс қаруымен соққы беруге) жауап ретінде не істеуіміз керек? Біріншіден, біз, әрине, әуе қорғанысы жүйесін жетілдіреміз. Біз оларды (Батыс қаруын ) жоямыз. Екіншіден, егер біреу біздің территориямызға соққы беру және біз үшін қиындықтар туғызу үшін соғыс аймағына осындай қаруды жеткізуге мүмкіндік бар деп санаса, онда неге біздің қару-жарағымызды әлемнің сол аймақтарына жеткізуге құқығымыз жоқ деп ойлаймыз. Олардың маңызды нысандарына соққы беріледі. Яғни, жауап асимметриялық болуы мүмкін. Біз бұл туралы ойланамыз», – деді ол.

НАТО басшысы Йенс Столтенберг Путиннің жауабына орай әртүрлі зымырандар арасындағы айырмашылықты нақтылады. НАТО басшысы өз сөзінде Киевке күшті қарумен Ресейге соққы жасауына рұқсат беру Батысты Ресеймен соғысқа апаратын үлкен шиеленіс екенін ескертті.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85