Францияда теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікпен Ресей азаматы ұсталды

Күдіктіден бірнеше жалған төлқұжат пен атыс қаруы тәркіленген

Админ
06/06/2024 - 09:01

Фото: Benoit Tessier / Reuters / Forum

Фото: Benoit Tessier / Reuters / Forum

Францияда теракт дайындады деген күдікпен Ресей Федерациясы мен Украинаның азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсенбі күні кешке Ресей Федерациясы мен Украинаның 26 ​​жастағы азаматы қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдаланып, лаңкестік әрекет дайындады деген күдікпен қамауға алынды.

Полиция оның қонақ үйдегі бөлмесінен қолдан жасалған жарылғыш затты жасауға пайдаланылған компоненттерін тапқан.

Күдікті жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезінде жарақат алып, денесін күйік шалған.

Le Journal du Dimanche басылымының хабарлауынша, күдіктіден бірнеше жалған төлқұжат пен атыс қаруы тәркіленген.

Құқық қорғау органдары ер адам Париждің Руасси-Шарль де Голль әуежайынан Украинаға ұшатын ұшақта теракт ұйымдастырмақ болды деп күдіктеніп отыр.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85