Ресей Украинадағы франциялық әскери нұсқаушыларға да шабуыл жасауы мүмкін

Жуырда Киев бұл мәселе бойынша Парижбен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады

Админ
05/06/2024 - 14:01

Фото: commons.wikimedia.org / Marinha do Brasil

Фото: commons.wikimedia.org / Marinha do Brasil

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Конгоға сапарында Украинадағы франциялық әскерилер статусына қарамастан, ресейлік әскер үшін заңды нысана болып саналатынын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украинада сарбаздарды дайындайтын Францияның әскери нұсқаушылары Ресейдің соққыларының «заңды нысанасы» болады. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Францияның Украина армиясына нұсқаушылар жіберуі мүмкін деген ақпаратқа орай мәлімдеді.

«Франциялық нұсқаушыларға келетін болсақ, олар Украинада жұмыс істеп жатыр деп сенуге негіз бар. Бұл туралы көптеген нақты фактілер бар», - деді Лавров Конго Республикасының сыртқы істер министрі Жан-Клод Гакоссомен бірлескен баспасөз мәслихатында.

Қазір Украинада жергілікті әскерді жаттықтыруға көмектесетін Франция әскері жоқ. Алайда, өткен аптада Киев бұл мәселе бойынша Парижбен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94