Байден: Әлем Украинаның жеңілуіне жол бермеуі тиіс

2022 жылдың күзінде Украина НАТО-ға жедел кіруге өтініш берген

Админ
05/06/2024 - 12:51

Фото: Manuel Balce Ceneta / AP

Фото: Manuel Balce Ceneta / AP

АҚШ президенті Джо Байден Украинаның Ресеймен қарулы қақтығысқа төтеп беруі керек екенін, алайда НАТО-ға мүше болуы міндетті емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол америкалық Time журналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Байденнің айтуынша, қазір әлемдегі ахуал Ресей Украинаны ешқашан токкупациялай алмайтындай көрінеді. Сонымен бірге, ол АҚШ-тың Украинамен де, қару-жарақ жеткізетін басқа елдермен жақсы қарым-қатынаста бола алатынына сенімділік білдірді.

Сөз арасында Байден Украинаны осы соғыста жеңіліп қалуына жол бермеуге шақырды, мұндай жағдайда Польшадағы, сондай-ақ аймақтағы басқа елдерде ахуал тұрақсыздыққа ұшырайды.

Айта кетейік, 2022 жылдың күзінде Украина НАТО-ға жедел кіруге өтініш берген. Бірақ АҚШ «бұл істің уақыты әлі келген жоқ» деп жауап қайтарды. 2023 жылдың шілдесінде Байден Украинаны НАТО стандарттарына сай болуы керек екенін атап өтті. Сол сияқты соғыс аяқталғаннан кейін Украинаның альянсқа қосылуы мүмкін екенін айтты.

АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуде көш бастап тұр. Осы жылдың сәуір айында Конгресс Киевке 61 миллиард долларлық әскери көмек көрсету туралы келісімге келген. АҚШ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Украинадағы қарулы қақтығыс басталғалы бері Украинаға 50 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсеткен.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85