Путиннің баспасөз хатшысының қызы Қазақстанда ЖСН алды

Ол ЖСН-ді 2022 жылдың қыркүйегіне дейін алған болуы мүмкін

Админ
04/06/2024 - 17:11

Фото: Елизавета Пескованың әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынды

Фото: Елизавета Пескованың әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынды

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысының қызы Елизавета Пескова Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Настоящее время басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Пескова ЖСН-ді 2022 жылдың қыркүйегіне дейін алған болуы мүмкін. Себебі нөмір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде тіркелген. Еске салайық, Қазақстанның астанасы 2019 жылдың наурызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Нұр-Сұлтан деп аталды, ал одан кейін қайтадан Астана болып өзгерді.

Қазақстанда ЖСН-ның қандай артықшылығы бар?

Қазақстанда кез келген цифрлық мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЖСН қажет. Шартты түрде бұл сіздің қызметтер мен мемлекеттік қызметтерді алуға құқығы бар адамдардың деректер базасындағы бірегей кодыңыз. ЖСН болмаса неке қию, бала асырап алу және басқа да азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша Қазақстанның мемлекеттік органдарына жүгіне алмайсыз. Ресейліктер қазақстандық банктен есепшот ашу үшін көбіне ЖСН пайдаланады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91