Апаттан екі ұшқыш қаза болды
Түркия әуе күштерінің SF-260D оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады. Ол елдің орталық бөлігіндегі Кайсери қаласындағы авиабазадан ұшып шыққан, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT Haber арнасына сілтеме жасап.
Түркия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, апат салдарынан екі ұшқыш да қаза тапқан. Апаттың себептері нақтыланған жоқ. Іздестіру-құтқару операциясы басталды.
Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз ұшқыштардың қазасына байланысты көңіл айтты. Кайсери прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
SF-260D – оқу-жаттығу ұшуларын орындауға арналған италиялық жеңіл ұшақ. Оның өндірісі 2017 жылы тоқтатылған. Түркияда ол лицензия бойынша құрастырылады.