Мемлекеттік құпияларды заңсыз жариялаған: ҚМА қызметкері 5 жылға сотталды

Прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы дәлелдер келтірді

Админ
04/06/2024 - 16:20

Фото: gamn.org

Фото: gamn.org

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері заңсыз әрекеті үшін сот үкімімен 5 жылға сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі, яғни мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.

«Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді.  

Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып саналады. Үкім заңды күшіне енді», - делінген ведомство хабарламасында.

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04