Германия канцлері: Ресейге қарсы ГФР қаруын қолдану жағдайдың шиеленісуіне апармайды

Жуырда Германия Украинаға берілген қару-жарақпен Ресейдегі нысандарға соққы жасауына рұқсат берді

Админ
04/06/2024 - 11:57

Фото: Kay Nietfeld/dpa/picture alliance

Фото: Kay Nietfeld/dpa/picture alliance

Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға Германиядан жеткізілген қару-жарақпен Ресей аумағындағы әскери нысандарға соққы жасау мүмкіндігінің берілуі жағдайдың шиеленісуіне апармайтынын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«АҚШ президенті айтқандай, біз тек үлкен қаланы, яғни Харьковты қорғау мүмкіндігі туралы айтып отырмыз», - деді ол.

Канцлер Киевке неміс қаруын қолдану құқығын беру туралы шешім Германияның «достары мен одақтастарымен» бірлесіп мұқият ойластырылғанын атап өтті. Сонымен бірге, Шольц Германия азаматтарына «қате және уақытылы емес шешімдер қабылдау» үшін өзіне қысым жасалуына ешқашан жол бермейтінін айтты.

Айта кетейік, жуырда ел үкіметі Украинаға берілген қару-жарақпен Ресейдегі нысандарға соққы жасауына рұқсат берді. Оның ресми өкілі Штеффен Хебештрайт мәлімдемесінде Берлиннің осы мәселеге қатысты ұстанымының өзгеруін Ресей армиясының Харьков облысындағы «дайындалған, үйлестірілген және жүзеге асырылған» шабуылдарының артуымен түсіндірді.

«Халықаралық құқыққа сәйкес, Украина мұндай шабуылдардан өзін қорғауы тиіс», - деді Хебештрайт.

Дәл осындай құқықты Киевке АҚШ пен басқа да бірқатар батыс елдері берген.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі 3 маусымда Украинаға мұндай мүмкіндік берілуіне қатысты шешім «үлкен шығынға әкелуі» мүмкін деп қорқытты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91