Ресейлік әскерилердің жақындары ашқан қозғалыс «шетел агенті» деп танылды

Қозғалыс қатысушылары күйеулерінің Украинадағы ұрыс аймағынан қайтарылуын талап етіп отыр

Админ
04/06/2024 - 11:43

Фото: BBC

Фото: BBC

«Осыдан кейін Ресей азаматымын деп айтудың қажеті жоқ». Мәскеудегі қорғаныс министрлігі ғимаратына пикетпен келген мобилизацияланғандардың әйелдері мен аналарына ведомство өкілі осылай жауап берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мобилизацияланғандардың әйелдері мен аналары жаңа министр Андрей Белоусовпен кездесуге тырысып, майдандағы жақындарын қайтаруды талап етті.

Белоусов көптің алдына шыққан жоқ, бірақ министрлік өкілі келді.

Осыған дейін мобилизацияланғандардың әйелдері өткізген наразылық шаралары көбінесе қамауға алумен аяқталады. Полицейлер көбіне ер адамдарды алып кететін. Олардың арасында акция туралы ақпарат таратуға келген журналистер де бар болатын.

Мамыр айының соңында Ресейдің әділет министрлігі мобилизацияланғандардың әйелдері құрған «Путь домой» қозғалысын «шетел агенті» деп таныды. Қозғалыс қатысушылары күйеулерінің Украинадағы ұрыс аймағынан қайтарылуын талап етіп отыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4