Қытай Зеленскийдің айыптауларына жауап берді

Бұған дейін Қытай СІМ Швейцариядағы жаһандық бейбітшілік саммиті Бейжіңнің қоятын критерийлеріне сәйкес келмейтінін мәлімдеген болатын

Админ
04/06/2024 - 11:21

Фото: reuters.com

Фото: reuters.com

Қытай СІМ Украина президентінің Ресей мен Қытай Швейцарияда жоспарланған жаһандық бейбітшілік саммитін әлсіретуге тырысып жатыр деген айыптауларына жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қытай СІМ спикері Мао Нин Қытай «ешқашан отқа май құймаған және Ресей-Украина соғысының жалынын өршітпеген» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей-Украина қақтығысындағы бейбіт шараларды қолдауға бағытталған барлық күш-жігерді мойындау керек.

Бұған дейін Зелинский Қытайды көшбасшыларды Швейцария саммитіне қатысудан аулақ ұстауға бағытталған күш-жігерді қолдады деп айыптаған. Бұл Қытай Сыртқы істер министрлігінің «Швейцариядағы жаһандық бейбітшілік саммиті Бейжіңнің барлық критерийіне сәйкес келмейді, сондықтан ол жерге қатысуы екіталай» деген мәлімдемесіне жауап болды.

«Өкінішке қарай Қытай сияқты қуатты елдің Путиннің құралына айналғаны ұят», – деген болатын Зеленский.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16