Украина АҚШ берген қуатты қарумен Ресейге соққы жасады

Ресейдің С-300/400 зениттік-зымырандық батареясына соққы жасалды

Админ
04/06/2024 - 10:58

Фото: Telegram/«Досье шпиона»

Фото: Telegram/«Досье шпиона»

Украина Белгород маңында С-300/400 зениттік-зымырандық батареясына соққы жасады. Болжам бойынша АҚШ берген HIMARS зымыранымен шабуыл жасалған болуы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметінше, екі тараптың әскери блогерлері Украина армиясы Белгородтың солтүстігіндегі С-300/400 зениттік-зымырандық батареясын, болжам бойынша, АҚШ-тың HIMARS зымыранымен сәтті соққы жасады.

«АҚШ Украинаға өзі берген қарумен соққы жасауға қатысты шектеулерді белгілі бір деңгейде алып тастады. Нәтижесінде Украина армиясы Харьков облысындағы Ресеймен шекаралас аймақтарда орналасқан әскери нысандарды HIMARS-пен атқылап жатыр», - деп жазады Америкалық соғысты зерттеу институты.

Зениттік-зымырандық батареяға сәтті соққы жасағаны туралы ақпаратты, жанып жатқан С-300/400 батареясының фотолары мен видеоларын украиналық «Досье шпиона» Telegram арнасы жариялады. Украинаның тағы бір Telegram арнасы фотосуреттерді Белгород маңындағы Киселево ауылының шетіне геолокациялады, ал ресейлік әскери блогерлер соққыны жанама түрде растады.

Киселево Белгородтан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 12 км, Харьковтен 80 км және Украинаның бақылауындағы аумақтың ең жақын нүктесінен 50 км қашықтықта орналасқан.

ISW екі жақтың әскери бақылаушыларын қадағалап, соққыны HIMARS-тың GMLRS зымыраны жасады деп болжайды. Өйткені Украинаға басқа жүйелер әлі жетпеген болуы мүмкін.

Ресей армиясы С-300 ұшыру қондырғыларынан қайта бағдарламаланған зениттік зымырандармен Харьковке үнемі шабуыл жасайды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85