Италия Украинаға әуе қорғанысына арналған жүйені беретінін хабарлады

Киев мұндай жүйелердің көбірек қажет екенін осыған дейін бірнеше рет айтқан

Админ
04/06/2024 - 10:10

Фото: Eurosam

Фото: Eurosam

Италияның сыртқы істер министрі Антонио Таяни Римнің Киевке тағы бір SAMP/T әуе қорғаныс жүйесін жіберетінін растады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Reuters агенттігі мен италиялық Corriere della Sera басылымы Киевке 10 әуе нысанын атып түсіруге қабілетті жүйені беретінін алғаш болып хабарлады.

Антонио Таяни бұл мәліметті RAI телеарнасына берген сұхбатында растады.

«Біз әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралы болып саналатын SAMP/T жүйесін Украинаға сұраған жіберетініміз белгілі», - деді Италия СІМ басшысы.

Украинада баллистикалық зымырандарды атып түсіре алатын АҚШ-та жасалған Patriot әуе қорғанысы жүйелері бар. Киев мұндай жүйелердің көбірек қажет екенін осыған дейін бірнеше рет айтқан.

Айта кетейік, 2023 жылы Италия мен Франция Украинаға SAMP/T қондырғысын берген.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41