Амстердам Киевке ешқандай шектеу қоймайтынын мәлім етті
Нидерланд Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарын Ресейдегі нысандарға соққы беру үшін қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нидерланд қорғаныс министрі Кайса Оллонгрен Киевке уәде еткен 24 дана F-16 ұшағын Ресейдегі әскери нысандарға шабуыл жасау үшін пайдалана алатынын айтты.
«Біз кез келген қару-жарақ жеткізілімінде қолданылған принципті ұстанамыз, яғни қаруды бергеннен кейін оны қалай пайдалану керектігін Украина өзі шешеді», - деді Оллонгрен.
Оның айтуынша, Бельгиядан айырмашылығы Амстердам Киевке F-16 ұшақтарын бергеннен кейін ешқандай шектеу қоймайды.
«Біз олардан БҰҰ Жарғысында бекітілген халықаралық құқықты және өзін-өзі қорғау құқығын құрметтеуді сұраймыз, яғни олар оны өзін-өзі қорғау шеңберінде қажетті әскери мақсаттарға жету үшін пайдаланады», - деді Оллонгрен.