Ресейдің соққысынан 12 жасар бала қаза болды

Ресей әскері 3 маусым күні таңертең ауылға басқарылатын бомба тастаған

Админ
04/06/2024 - 09:20

Фото: BBC

Фото: BBC

Ресей әуе күштері Украинаның Донецк облысындағы Михайловка ауылына соққы жасады. Салдарынан екі адам қаза тапты, оның ішінде 12 жасар бала бар. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей соққысынан тағы бір адам жараланды, деп мәлім етті облыс әкімшілігінің басшысы Вадим Филашкин.

Оның айтуынша, Ресей әскері 3 маусым күні таңертең ауылға басқарылатын бомба тастаған, артынша бір жарым сағаттан кейін олар қайтадан соққы жасаған. Одан кем дегенде бес үй қирап қалды.

«Ертең Украина Ресей Федерациясының қарулы агрессиясы салдарынан қаза тапқан балаларды еске алу күнін атап өтеді. Бүгін бұл қайғылы тізімге тағы бір есім қосылды», - деп жазды Филашкин.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91