Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
21/08/2023 - 16:59

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан басталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялады.

Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.
 

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4