Израильдің соққысынан Сирияда 12 адам қаза болды

Израиль тарапы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ

Админ
03/06/2024 - 10:24

Фото: AFP/Mahmud Hams

Фото: AFP/Mahmud Hams

Израиль Сирияның солтүстігіндегі Алеппо маңында орналасқан зауытқа соққы жасады. Салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Мәліметтерге қарағанда, шабуыл Сирияның солтүстігіндегі Алеппоның қаласындағы Хайян мыс зауытын нысанаға алған.

«Израильдік дұшпан Алеппоның оңтүстік-шығысындағы кейбір позицияларды нысанаға алып, әуе шабуылын бастады. Агрессия көптеген құрбандар мен материалдық шығындарға әкелді», - делінген Сирия қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы шабуылдан ираншыл жасақтардың кем дегенде 12 мүшесі қаза тапқанын хабарлады.

Израиль тарапы бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41