Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекараны бұзған 50 шетелдікті ұстады

Шекарада бір айда 3 368 заң бұзу дерегі тіркелген

Аян Кайырбаев
01/06/2024 - 16:21

gov.kz

gov.kz

ҰҚК Шекара қызметі 2024 жылғы мамыр айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы есеп берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы мамырда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

шекара кеңістігінде 3 368 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталды, соның ішінде:

50 шетел азаматтары шекараны бұзғаны үшін ұсталды;

59 шетел азаматтарымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 739 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
38 – есірткі заттары, жалпы салмағы - 143 гр.;

82 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана пневматикалық, 2 дана зақым келтіру және 135 дана суық қарулары, 62 дана оқ-дәрілер);

32 – діни әдебиет (561 дана);

536 – жалпы сомасы 10 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (46 тоннадан астам);

883 – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

168 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 21 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
8 дана жүзу құралдары;

жалпы ұзындығы 36,7 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

75 дана (703 кг) бекіре тұқымдас балықтар;

3 487 дана (5 605 кг) таза тұқымдас балықтар.

Алды алынған залал сомасы 279 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85