Түркияда тұңғыш рет контр-адмирал қызметіне әйел адам отырды

Ол Ұлыбританиядағы НАТО Одақтас теңіз күштері қолбасшылығы «MARCOM» қолбасшысының операциялар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады

Нұрдәулет Кәкіш
21/08/2023 - 15:05

Фото: gazeteoksijen.com

Фото: gazeteoksijen.com

НАТО Одақтас теңіз күштері қолбасшылығының Ұлыбританиядағы Нортвуд базасында қызмет атқарған Гөкчен Фыратты контр-адмирал дәрежесіне көтерілгені туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.

Мәлімдемеде Түрік Қарулы Күштерінде тұңғыш әйел контр-адмиралы Гөкчен Фыраттың НАТО-дағы міндеті жайлы айтылды.

«Гөкчен Фыраттың НАТО-ның тұрақты әскери-теңіз күштерінің ірі көпұлтты миссияларға қатысуын қоса алғанда, Одақ көлеміндегі әскери-теңіз операциялары мен жаттығуларының сәтті болуы үшін өте маңызды», - делінген.

Гөкчен Фырат Жоғарғы Әскери Кеңестің шешімімен контр-адмирал дәрежесіне көтерілді. Осылайша, ол Түркияның тұңғыш әйел адмиралы атанды.

Контр-адмирал Фырат Ұлыбританиядағы НАТО Одақтас теңіз күштері қолбасшылығы «MARCOM» қолбасшысының операциялар жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады.
 

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4