Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына ескерту жасады

Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялады

Аян Кайырбаев
01/06/2024 - 12:19

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 3 маусымы мен 6 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі бойынша оқу-жаттығулар өтеді. 

Жеке құрам әскери техникамен марш және теміржол арқылы еліміздің әр өңіріндегі оқу-жаттығу полигондарына жеткізіліп, практикалық жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындайды.

Бөлімшелердің берілген тапсырмаларды уақтылы орындаудағы үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және бекітілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланады. Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушыларынан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнероликтерді таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, – делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94