Медицина университеті ректорының үйінен екі үстел ақша табылды

Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған

Аян Кайырбаев
01/06/2024 - 11:46

видеодан кадр

видеодан кадр

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасын әшкереледі. 

Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп мәлімдеді Антикор.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91