Байден Газа секторындағы атысты тоқтату жоспарын таныстырды

Израильдің жаңа жоспары Газа секторындағы деэскалацияның үш кезеңін қарастырады

Аян Кайырбаев
01/06/2024 - 10:26

Nathan Howard / Getty Images

Nathan Howard / Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Израиль ұсынған Газа секторында атысты тоқтату және израильдік кепілге алынғандарды босатудың жаңа жоспарын ұсынды. Жоспар деэскалацияның үш кезеңін қарастырады, оның ішінде негізінен тұрақты бітімге келу және Израильдің Палестина аумағынан шығуы бар, деп хабарлайды Sarbaz.kz DW-ге сілтеме жасап.

Жоспар бойынша бірінші кезең алты аптаға созылуы тиіс. Ол толық және түпкілікті атысты тоқтатуды, Газа секторындағы елді мекендерден израильдік әскерлерді шығаруды және жүздеген палестиналық тұтқындарды босатудың орнына бірқатар израильдік кепілді қайтаруды қамтиды. Екінші кезең соғыс қимылдарын түпкілікті тоқтатуды және Израиль әскерін Газа секторынан шығаруды қамтиды.

Сонымен қатар, осы кезеңде барлық қалған кепілге алынғандар Израильге қайтарылуы керек. Ақырында, үшінші кезеңде АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың қолдауымен аймақты қайта құрудың ауқымды жоспары басталады, оған үш-бес жылға созылады. Хамас лаңкестерінің қолынан қаза тапқан туыстарының сүйегі израильдік кепілге алынғандардың отбасыларына қайтарылуы тиіс.

Джо Байден атысты тоқтату жоспарының Катар делдалдары арқылы Хамас лаңкестік тобының өкілдеріне берілгенін айтты. Америка президенті ХАМАС-ты бұл ұсынысты қабылдауға шақырды. Сонымен бірге ол израильдік саясаткерлерге де сөз сөйледі.

«Мен Израильде бұл жоспармен келіспейтін және соғысты шексіз жалғастыруға шақыратындар бар екенін білемін» деді Байден Израильдің өз қауіпсіздігі үшін қорықпай келісімге келе алатынын атап өтті.


Бұл ретте АҚШ президенті ХАМАС өз міндеттемелерін орындамаса, Израиль әрқашан әскери операцияларын қайта жалғастыра алатынын баса айтты. Өз кезегінде Джо Байден қол жеткізілген келісім бойынша ХАМАС Газа секторында билікте қала алмайды деген болжам жасады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91