Бүкіл Украинаға стратегиялық бомбалаушы мен дрондармен шабуыл жасалды

Ресейлік Ту-95МС бомбалаушы ұшақтары зымырандарды ұшырды

Аян Кайырбаев
01/06/2024 - 10:01

aa.com.tr

aa.com.tr

Сенбіге, 1 маусымға қараған түні Ресей Федерациясының кезекті зымырандық шабуылына байланысты бүкіл Украина бойынша әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды. Ресей әскерлері Украинаға сондай-ақ дрондармен шабуыл жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Ресей әскерлері 6 стратегиялық бомбалаушы Ту-95МС ұшағын ұшырды. Мурманск облысындағы Оленя аэродромынан 4 ұшақ және Саратов облысындағы Энгельс аэродромынан 2 ұшақ ұшты, деп жазады «Украинская правда». Бомбалаушы ұшақтар зымырандарды ұшырды, олар шамамен 1,5 сағаттан кейін Закарпатияға жетті.

Запорожьедегі бірқатар жарылыстар туралы Запорожье облыстық әскери басқармасының басшысы Иван Федоров хабарлады.

Сонымен қатар, Винница облысында ұшқышсыз ұшақтардың сынықтары құлау салдарынан маңызды инфрақұрылым нысанында өрт шықты, деп жазды аймақтың әскери басқармасының басшысы Сергей Борзов Telegram-каналында. Ол қазір «Калибр» зымырандары аймаққа қарай жылжып жатқанын қосты.

Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко кейінірек мәлімдегендей, Днепропетровск, Донецк, Кировоград, Ивано-Франковск және Запорожье облыстарындағы энергетикалық нысандар ресейліктердің шабуылына ұшырады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85