Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті

Отырыста бірқатар құжаттар қабылданды

Админ
31/05/2024 - 17:51

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлерінің, ұйымның Бас хатшысы мен Біріккен штаб бастығының қатысуымен отырыс өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тараптардың әскери-саяси ахуал мониторингінің нәтижелері, бірлескен шараларды әзірлеу үшін оның даму үрдістері бойынша тұрақты ақпарат алмасуды жалғастыру шешімі туралы айтты.

«Отырыс қорытындысы бойынша оқу-жаттығуларды дайындау мен өткізуге, ұжымдық күштерді жарақтандыруға, Біріккен штабтың қызметіне, 2025 жылы бірлескен дайындық іс-шараларына және оларды қаржыландыру мәселелеріне қатысты бірқатар құжаттарға қол қойылды», – деді Руслан Жақсылықов.

Қорғаныс министрлері кеңесінің келесі отырысы осы жылдың қараша айында Астанада Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы қарсаңында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, іс-шара Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуі аясында өтті.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85